18 C
Алматы
Пятница, 19 апреля, 2024
No menu items!
ДомойНовостиОбществоАлексей Ломакин: «Қаланы жақсарту өз қолымызда!»

Алексей Ломакин: «Қаланы жақсарту өз қолымызда!»

Депутаттардың 2021 жылы  немен айналысқанын және осы жылы немен айналысатынын Теміртау қалалық мәслихатының хатшысы Алексей Ломакин айтып берді.

Бүгінде Теміртау мәслихатының құрамында 17 адам бар, оның 13-і «Nur Otan» партиясының өкілдері, екеуі – «Ақжол» партиясының өкілдері, тағы екеуі – «Ауыл» партиясының өкілдері.

– Әр партияның өз көзқарасы, кез келген мәселені шешуде өз пікірі бар. Ақиқат пікірталастан туады, деген бар, – дейді Алексей Ломакин. – Маған мәслихаттың бұндай құрамында жұмыс істеу өзгеше болды және біздің қызметіміз нәтижелі болды. Менің қалалық мәслихат хатшысы ретіндегі міндетім – барлық ұсыныстарды біріктіру, шоғырландыру және үздік нәтижеге шығару.

Депутаттар ұжымы төрт топ-комиссияға бөлінген және әрқайсысының өз жауапкершілік аймағы бар: жастар ісі, ТКШБ, бюджет, кәсіпкерлік және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері. Әр команда өз жоспары бойынша жұмыс істейді және өзінің жеке қалалық жобасын жүзеге асырады.

– Комиссияның әрбір мүшесі өз мақсатына жету үшін бар күш-жігерін жұмсайды, ал біздің мақсатымыз қала игілігіне жұмсалатыны сөзсіз. Біз қаланы жақсартуымыз керек! – деп түсіндіреді Алексей Борисович.

Шағын ауданның паспорты

Қазіргі уақытта халық қалаулылары әрбір шағын ауданды жақсарту бойынша жоспарын және паспортын әзірлеуде, онда тұрғындардың қажеттіліктері, проблематикасы, барлық мәселелері көрсетіледі, белсенділердің деректері беріледі. Бұл кез-келген шағын ауданның проблемалық мәселелерінің шешімін тезірек табуға мүмкіндік береді.

– Депутаттар тұрғындармен тек қоғамдық қабылдаулар кезінде ғана кездесіп қоймай, шағын аудандарда халықпен тұрақты кездесулер өткізіп тұрады. Неғұрлым нақтыланған тәсіл біздің жұмысымызды жақсартуға мүмкіндік береді және бюджетті қалыптастыру кезінде шынымен маңызды мәселелерді назардан тыс қалдырмайды. Мұндай әрбір шағын ауданның проблемалары бойынша көмекші құрал алдағы төрт жылға әзірленетін болады.

«Бұл тәсіл бізге әр тұрғынның үнін қатаң бақылауда ұстауға мүмкіндік береді», – дейді Алексей Ломакин.

Жақын арада «Қоғамдық қабылдау» жобасы жаңа форматта болады. Енді кез келген адам депутаттардың оларға көмек көрсеткенін немесе көрсетпегенін айта алады. Жақын арада әлеуметтік желілерде халық қалаулылары нақ қандай шешімдерімен тұрғындарға көмектескені туралы айтатын болады.

– Біз қазіргіден де ашық жұмыс істеуге көшуді жоспарлап отырмыз, мысалдар көп, оларды талдап, өтініш білдіргендердің келісімімен жариялайтын боламыз. Мүмкін, біреудің жағдайы мәселені шешудің жолы бола алар, – дейді Алексей Борисович. – Шағын бизнес мәселелерін неғұрлым тиімді және жедел шешу үшін біз жұмысқа заңгер тартып, Нұр-Сұлтан қаласындағы департаменттердің бірімен келіссөздер жүргізудеміз. Көктемде мәслихатта қоғамдық қабылдаудың көшпелі жұмысын қайта бастау жоспарлануда. Осындай кездесулер барысында қала тұрғындарының көптеген мәселелерін шешу мүмкін болады. Мысалы, тек 2021 жылы депутаттарға қоғамдық қабылдау арқылы үш жүзден астам өтініш келіп түсті.

Әрқашан байланыста

Цифрландыру дәуірінде теміртаулықтармен өзара іс – қимылдың өте жақсы құралы – әлеуметтік желілер, әсіресе Instagram. Депутаттар қол жетімді болды, кез-келген адам хабарлама жазып қысқа мерзімде кері байланыс ала алады.

– Біз түсіндіреміз, көмек көрсетеміз ұсыныс жасаймыз, немесе қойылған сұрақтар мәслихат құзыретінен тыс болған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органға бағыттаймыз. Мұндай арыздар болып тұрады, мысалы, қылмыстық қудалау, сот шешімдері. Осындай мәселелерді шешу үшін заңгерлерді тартамыз, – деп түсіндірді қалалық мәслихат хатшысы. – Бүгін қалалық мәслихатының өзінің «Теміртау мәслихаты» қалалық мекемесінің ресми сайты бар, бүгінгі таңда 26 мың жазылушысы бар Instagram-алаңы, телеграмм-арнасы да бар, онда біз қандай да бір маңызды жаңалықтарды немесе ақпаратты жариялап тұруға тырысамыз. Әр депутаттың өз Instagram, facebook парақшалары бар, мәслихаттың өз Facebook парақшасы бар, мәслихаттың жұмысы туралы репортаждарды сақтайтын өзінің YouTube-арнасы да бар. Мен қазір барлық блогерлермен, Instagram-пабликтермен ынтымақтастықты барынша кеңейту керек деп санаймын. Жақын арада біз «Депутат» бағдарламасының жобасын іске қосуымыз керек, онда әр депутат өз жұмысы туралы есеп бере алады. Сонымен қатар, Теміртау қаласының әрбір тұрғыны бюджетті қалыптастыруға қатысып, өз ұсыныстары мен ескертулерін айта алады. Маған сеніңіздер, барлық ұсыныстар қарастырылатын болады.

Мәслихаттың жұмыс тәртібі

Сайлаушылардан мәслихат жұмысының регламенті туралы да көптеген сұрақтар келіп түседі. Биылғы жылы сайланған депутаттар құрамы 60%-ға жаңарды, сондықтан мұндай түсіндіру жұмыстары депутаттардың өздері үшін де өзекті.

– Сайлаушылардан депутаттарға дәстүрлі сұрақ – олардың жұмысы қалай ұйымдастырылған. Қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттары өздерінің жұмыс қызметінен босатылмағанын атап өтемін. Депутаттық қызметтен басқа, әркімнің өз жұмысы бар, ал депутаттық – бұл олардың қаланы, облысты жақсартамын деген жеке өмірлік ұстанымы. Сайлауда барлығы осы міндеттерді орындауға ниет білдірген болатын, – дейді Алексей Борисович. – Сайлау алдында, 2020 жылы «Nur Otan» партиясында «Праймериз» өтті және шынымды айтсам, барлық кандидаттар сайлаушылар алдындағы өз жауапкершілігін және қоғамдық жұмыс көлемін толық түсінбеді.

Жыл сайын ақпан және наурыз айларында депутаттар сайлаушыларына өздерінің атқарған жұмыстары туралы есеп береді. Қазір кездесуге дайындық жүріп жатыр, онда жұртшылыққа жұмыс нәтижелері ұсынылады. Бұрын бұл офлайн форматта болатын, бірақ эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты онлайн форматқа ауысуға тура келді. Бірақ, Алексей Ломакин атап өткендей, бұның өз артықшылықтары бар, өйткені мұндай жағдайда кез келген теміртаулық жиналысқа үйден шықпай-ақ қосылып, мазалаған сұрақтарын қою мүмкіндігі бар.

Жастар мәселесі

Алексей Ломакин биылғы жылы өзінің және әріптестерінің басты мақсатын – жастар ресурстарын дамыту жоспарын әзірлеу.

– Теміртау қаласының әкімдігімен және қала әкімі Қайрат Бегімовпен бірлесіп кеңесіп, ауқымды бағдарлама әзірлейтін боламыз. Менің ойымша, ең тиімді құрал – бұл мұқият жасалған бағдарлама. Бүгін біз бағдарлама 2022 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңді қамтуы үшін жұмыс істеп жатырмыз.

Жастармен жұмыс тек жоспарда ғана емес, көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Теміртаудағы КВН үш лигасы бар, оған 200-ден астам жастар қатысады. КВН-щиктер ҚМС және ҚМИУ базасында ғана емес, Сочи фестиваліне үнемі қатысады. Биыл балалар Сочиге төртінші рет барып қайтты, жақын арада теледидар лигасына қатысады.

– Спортта – бұл Олимпиадалар, КВН-да – бұл Сочидегі фестивальдар, олар жастарды ынталандырады. 2021 жылы біз «Жайдарман» деп аталатын үлкен жобаның бөлігі болдық – мемлекеттік тілдегі КВН. Бұл өте танымал бағыт. Біздің теміртаулық жастар Қазақстан Жоғары лигасында ойнап, ширек финалға дейін жетті. Өткен жылы біз «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының кубоғы үшін үлкен фестиваль өткіздік, ал биыл үш лиганы іске қосамыз, – деп атап өтті Алексей Ломакин.

Алексей Борисович сұхбат барысында Жастар ісі туралы тағы бір мәселе – жастар Парламентін дамыту туралы айтты.

– Мектеп парламенттері, мектеп мәслихаттары, қалалық жастар парламенті – саналы ұрпақ тәрбиелеудің тамаша құралы. Бұл да жастар бағдарламасындағы өте маңызды механизм. 18 жасқа толған әр түлек саяси сауатты болады және ол нені қалайтынын және кімге дауыс беретінін біледі.

Аула клубтары

2006 жылы Теміртауда аула клубтарын құру бойынша маңызды жұмыс басталды. Екі мыңыншы жылдары меншік иелері жоқ пәтерлер негізінде балалар бос уақытын ұйымдастыру жұмысы басталды. 2021 жылы пәтер базаларында 12 аула клубы жұмыс істейді, олардың онына күрделі жөндеу жүргізілді және үй-жайлар толықтай жабдықталатын болады.

– Биыл біз онда педагог ставкаларын қосуды жоспарлап отырмыз. Клубтарда балалармен міндетті педагогикалық білімі бар тәрбиешілер айналысатын болады. Егер әр аула клубы жылына жүз бала тәрбиелеуді қамтыса, бұл үлкен нәтиже болады, – дейді Алексей Ломакин. – Жақын арада бұл клубтардың өз спорт алаңдары пайда болады деп ойлаймын, онда спорт нұсқаушылары балалар үшін сабақтар өткізіп, ерекше қабілетті ұлдар мен қыздарды БЖСМ спорт секцияларына жіберетін болады.

Жастар үйі

2021 жылы бір топ депутаттар Бөкетов ат. ҚарМУ-дің бұрынғы филиалының ғимараты негізінде «Жастар үйі»коворкинг-орталығын құруды талап етті. Жобалау-сметалық құжаттама әзірленді және күрделі жөндеуді орындау үшін мердігерді таңдау конкурсын өткізу үшін алғашқы ақша да бөлінді.

– Бұл акт және спорт залдары бар үлкен екі қабатты коворкинг орталығы болады, – деп түсіндіреді Алексей Ломакин. – Идея келесідей: мұнда қаланың барлық жастар ағымдары біріктіріледі, кез келген адам мұнда өз іс-шараларын, тіпті рэп және рок-фестивальдерін өткізе алады. Тағы бір жақсы мәселе – мұнда лифт болады. Бұл шамалы плюс сияқты көрінеді, бірақ! Менің жеке пікірім, мүмкіндігі шектеулі адамға ғимаратқа кіруге көмектесу үшін қызметкерді шақыратын түймелер дұрыс емес. Кез келген адам өзі қалаған жерге және қалаған кезінде жету мүмкіндігі болуы керек.

Депутаттар «Жастар үйін» құру жобасын екі жыл жүзеге асыру керектігін алға тартып отыр, өйткені жұмысты сапалы орындау үшін уақыт қажет.

– Қазір жұмысты жылдам қарқынмен, бірақ қалай болса солай жасай алатын мердігерлер көп. Бұл бізге келмейді. Біз бұл мәселеге мұқият қарауды қалаймыз, жоба аяқталғаннан кейін ештеңені өзгерткіміз келмейді.

ҚХА жобалары

Қазақстан халқы Ассамблеясы мәселелері бойынша он бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде. Алексей Борисовичтің айтуынша, бүгінгі таңда маңызды мәселелердің бірі – жастарды өмірге дұрыс көзқараспен тәрбиелеу. Өткен жазда Теміртауда Қазақстан халқы Ассамблеясының жобалық кеңсесі ашылған, және онда белсенді жастармен жұмыс жүргізіледі.

– Жастардың зерігуі бір мәселенің шеті ғана, ал осы зерігуден жаман іске ден қоюы үлкен қайғы. Сондықтан біз жастарды игі іске баулып, олардың энергиясын оң арнаға жіберуін қалаймыз. Біз жастарды естуіміз керек, олардың басқа қалалар мен елдерге кетуін тоқтатуымыз керек. Бұл әдетте қалай болады? Үміткерлер оқуға кетеді, содан кейін сол жерде қалады. Біз жастарымыздың осында қалып, металлургтер қаласының дамуы үшін бар жағдайды ұйымдастыруға тиіспіз. «Біз жастармен бір тілде сөйлесуге міндеттіміз», – дейді Алексей Ломакин. – Бүгін біз ҚХА кеңсесін барлық қажеттімен жабдықтаймыз, көрме залын, жастар студияларын ұйымдастырамыз. Мұнда көптеген кездесулер, маңызды және қажетті шаралар өтуде. Біз ұлтаралық қатынастар институтын ұдайы жетілдіріп отыруымыз керек. Қазақстан – көпұлтты және тату ел. Біз бұны күшейтеміз!

Армандағы жағалауы

Қала тұрғындарынан депутаттарға қала жағалауын абаттандыру туралы көптеген ұсыныстар келіп түсуде.

– Қазір үлкен жоба әзірленуде, ол іске асырылғаннан кейін біздің жағалау өзгеруі тиіс. Бүгін бізде лайықты жағажай жоқ – мұны түзету керек. Ия, бізде жеке меншік жағажайлар бар, бірақ олар ақылы. Сондай-ақ жағалаудың сыртқы келбетін бір стильге келтіру керек, бұл мәселені кәсіпкерлермен пысықтағым келеді. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығымен келісетін боламыз, аздаған ақыға катермен жүру мүмкіндігі болсын. «Біз жағалауда велосипед жолдарын, ойын алаңдарын, серуендеу аймақтарын жабдықтаймыз… Бұның бәрін ТКШБ-мен пысықтаймыз», – дейді Алексей Борисович. – Бір кездері жағажай жеке қолға берілді, біз өткенге өкініп, кінә арта аламыз. Бірақ бұдан ештеңе өзгермейді, енді теміртаулықтардың өмірін ыңғайлы етудің жолдарын іздеу керек. Біз бұл жобаны жұртшылықпен талқылайтын боламыз».

Алексей Ломакин бұл жоба бір жылдан астам уақытқа созылатынына, бірақ нәтижесі жақсы болатынына сенімді. Жағажайға қарама-қарсы оң жағалаудың тау етегінде «Теміртау» деген жазу орнату туралы мәселе қарастырылуда. Онда біздің туған қаламыздың атауы жарқырауы керек.

Мәслихат оң жағалаудағы қараусыз қалған балалар лагерлері туралы мәселені көтеруді жоспарлап отыр.

– Балалардың жазғы демалысы өте маңызды, бірақ оны ұйымдастыру керек. Оң жағалауда құлдырау кезінде иесіз қалған көптеген нысандар бар. Жоспарда осы мәселемен айналысу да бар.

Қауіпсіз өткел

Қалада «Қазақстан Темір жолымен» арада шешілмеген мәселе бар. Теміртауда бір тармақ теміржол өтеді, ол арқылы тәулігіне 15-20 құрам өтеді. Өкінішке орай, жабдықталмаған өткелдер мен аялдамалардың салдарынан мұнда жазатайым оқиғалар орын алып тұрады.

– Біз бұл мәселені Парламент Мәжілісі деңгейінде көтердік, станциялар мен теміржол вокзалының өкілдерімен жұмыс тобы құрылды. Жағдайдан шығудың жолын тек оны жан – жақты қарастыру арқылы табуға болады: шөпті уақытында алу, пойыздардың қаланы кесіп өту кезінде жылдамдығын төмендетуі, өткелдерді және аялдамаларды жабдықтау, – деп түсіндіреді қалалық мәслихат хатшысы. – Мәселе мынада, жол бір ұйымға тиесілі, электр энергиясына екінші тарап жауап береді, аялдамалар үшін – үшінші, пойыз мүлдем басқаларға қатысты… Бірақ біздің бұл мәселеде ортақ шешім табатынымызға сенімдімін. Жағалау – бұл бір, абаттандыру – екінші, қауіпсіздік – үшінші мәселе. Бірақ бәрін шешу керек.

Сондай-ақ, бұл жұмыстар Ақтау кентіндегі «Жаңа ауыл», «Карьерная», «Мырза» станцияларында және Теміртау қаласындағы «Весна» станциясында жүргізілетін болады.

Қаланы жылумен және сумен жабдықтау

Қаланы дамыту бойынша жоспарлар мен бағдарламалар – бұл жақсы, бірақ алаңдаушылық тудыратын проблемалық мәселелер де бар.

– Жылумен және сумен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінде тұр. Мұның бәрі жылдан жылға өтпелі және жүйелі мәселелерге айналды. Бізде жақын арада көптеген жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленетін болады. Өздеріңіз білетіндей, Қайрат Бегімұлы – энергетик. Ол Теміртау қаласының жылумен және сумен қамтамасыз етілуіне толық ревизия жүргізді. «Оқжетпес-Т» жұмысына қатысты көптеген сұрақтар бар, ай сайын біз шағымдар бойынша «Оқжетпес-Т»-мен диалог жүргіземіз, қазір кәсіпкерлерден де, тұрғындардан да, адамдардан да осы ЖШС жұмысына қатысты көптеген сұрақтар бар. Депутаттың алдағы күні толығымен осы мәселелерге арналады.

– Бұл мәселелерді кейінге қалдыруға болмайды, біз қаланың қыс сайын апаттардан зардап шегіп отырғанын көріп отырмыз. Және мүмкіндігінше шұғыл түрде шешімін табу керек. Әрине, бұл мәселелердің шешімі қаражатты талап етеді. Ал, біз өз пәтерімізде жылу мен жарық барда бұл мәселені сезінбейміз. Тек бұлардың біреуі 20 минутқа тоқтаса, бірден қала билігіне сұрақтар туындайды, – дейді Алексей Ломакин. – Бізде суық су беретін негізгі артерия – Ертіс-Қарағанды бар. Бұл су артериясы үлкен күрделі жөндеуді және толықтай жаңартуды қажет ететін сәт келді. Шағын аудандар ішінде қосылған және ауыстыруды қажет ететін қалалық құбыр желілері туралы да айтқым келеді.

Сұхбат соңында Алексей Ломакин өз ойын былай деп қорытындылады:

– Біз Теміртауда 180 мың адам тұратынын түсінуіміз керек. Біздің әрқайсымыз үшін қала – бұл аулалардан, өндірістерден, әртүрлі кәсіпорындардан, әртүрлі логистикалардан тұратын ортақ шаңырақ. Қарапайым нәрселердің қисыны мемлекеттік қызметшілер мен депутаттарға, қоғамдық кеңес мүшелеріне ғана емес, әрбір адамға жеке байланысты. Өз айналаңда қоқыс лақтырма, мүмкіндігінше, жақыныңа көмектес. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында өз қаламызды жақсарта аламыз. Бүгін мен сіздермен жоспарланған жұмыстың аз ғана бөлігімен бөлістім, жақын арада жетістіктерімізбен бөлісіп, басқа да жоспарларымыз туралы айтатын боламын. Жақын арада балалар алаңы, қаланың сыртқы келбеті, волонтерлік қызмет, ҚарМИУ базасындағы қалалық студенттік кампус құру және басқа да жоспарлар туралы бөлісіп айтып беремін. Мен әрқашан ынтымақтастыққа ашықпын және сынға ренжімеймін. Сынды ортақ ісімізді жақсартуға деген ниет деп білемін.

Похожие статьи

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Лента новостей

С карательного на упредительный: в Караганде обсудили проект Нового налогового кодекса

Не наказывать за нарушения, а предупреждать. Это одно из направлений нового Налогового кодекса. Основные положения законопроекта обсуждали вчера в Караганде. На конференцию собрались предприниматели, члены...

Более 1500 жителей Осакаровского района приняли участие в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»

Они очистили около 60 тысяч квадратных метров парковой площади, отремонтировали 23 памятника. В акции «Таза Қазақстан» приняли участие около 300 коллективов. Им на...

Бронзовые призеры чемпионата Казахстана по хоккею пообещали в следующем сезоне взять «золото»

Сегодня, 19 апреля, аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев встретился с руководством и хоккейной командой «Сарыарка», которая стала бронзовым призером чемпионата РК по хоккею. Это был...

Виктор Степанов из Темиртау выиграл заплыв на каноэ на чемпионате Азии в Японии

На дистанции 200 метров казахстанскому спортсмену, представителю школы высшего спортивного мастерства Карагандинской области, не было равных. Его тренируют Владимир Петров и Евгений Егоров. ...

В Караганде средний ремонт проведут на 114 километрах автодорог

В областном центре уже приступили к ремонту проезжей части. Пока работы ведутся на нескольких объектах — на проспекте С. Сейфуллина, улице Четской. На некоторых...

Более четырех тысяч тонн мусора вывезли с улиц Темиртау

В городе металлургов продолжается санитарная очистка территорий. Как она проходит, проверил аким Ораз Таурбеков. «Продолжаем ежедневный контроль. С коллегами прошли по улице Северной...

Распространяемое «мнение» о том, что закон якобы будет способствовать отъему детей – откровенный фейк

Глава государства подписал закон, направленный на защиту института семьи, детей и женщин. Поправки разработаны по итогам их предварительного широкого обсуждения на различных площадках с...