Home Главные новости Глава государства выразил соболезнование семье и родственникам ветерана ВОВ Беркута Есжанова

Глава государства выразил соболезнование семье и родственникам ветерана ВОВ Беркута Есжанова

Қазақстан Республикасының Президенті Ұлы Отан соғысының ардагері Б. Есжановтың отбасы мен жақын туыстарына

Фото: Акорда

Ұлы Отан соғысының ардагері Есжанов Бүркіт Есжанұлының дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын.

Бүркіт Есжанұлы – сұрапыл соғысты бастан кешіп, Ұлы Жеңісті жақындатуға зор үлес қосты. Майдан даласында Мәскеу маңын жаудан азат етуге қатысып, Курск қаласын қорғаудағы қанды ұрыста ерен ерліктің үлгісін көрсете білген еді.

Бейбіт кезеңде еселі еңбек етіп, елімізді өркендетуге мол үлес қосқан Бүркіт Есжанұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жадында сақталады.

Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Астана, Ақорда

Exit mobile version